ZAQ пен AZ отандық рэпті қалай мойындатты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Вокал мен рэпты синтездеп, сапалы музыкамен ауқымды аудитория жинаған «Найнти уан» ұжымы, отандық «хип-хоп» орындаушыларды қайран қалдырғаны қашан. Атышулы топтағы ZAQ пен AZ-дің шеберлігін, осыдан он жыл бұрын шығып, бірақ кәсібінен нәсіп көрмеген рэперлер де мойындап отыр.

Ерекше рэп оқу тәсілімен тыңдармандарын таңдай қақтырған «Найнти уандық» серілер, бүгінде әріптестерін танымалдылығы жағынан тасада қалдырғаны рас. Мәселен, мына Смитти атты өнерпаз, осыдан 10 жыл бұрын отандық рэп индустрияға өз үлесін қосуды қалағанымен, көздегеніне жете алмаған.

Smitty, рэп орындаушы:

-Биыл шыны керек 10 жылдан асып кеткен шығар. Неге еш нәрсе істемедің. Сол он жылда сені көрмедік қой дейтіндер бар. Өкінішке орай қаражатқа келетін мәселелер бар. Мұның көп қиын жолдары бар.

Қанша жыл тер төксе де, еңбегі еленбегендердің тізімінде Смиттидің сол кездегі серігі Труман да бар. «Хип-хопқа» құштар бұл жігіттің де тасы өрге домаламады. Басты себеп – бағыт-бағдар беріп, қаржылай қолдайтын жанның жоқтығы. Олардың сөзінше, «Найнти уандық» рэперлердің жолы болды.

Truman, рэп орындаушы:

-Продюсерлердікі дамыту, ақша жасауға ғой негізі. Мысалға «Найти уан» ол тауар да, Ерболат Беделханға. Негізі «хип-хоп» субмәдениетін де сатуға болады. Не кедергі болғанда... Продюсер жоқ, контрактілер жоқ.

Smitty, рэп орындаушы:

-Беделхан - «Орда» тобының белді мүшесі. Ол келсе сала білді қайда бара жатқанын. Ал бізде «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» ондай ешкім болған жоқ.

«Кью-поп» пен «хип-хоп» екі бөлек әлем. Бірақ бүгінгінің жастары «Найни уандық» тректердің рэп-партиясын орындауға құштар.

Смиттидің үміт артқан синглдарына сұраныс аз! Сондықтан, атышулы топтағы қос рэпердің шеберлігін мойындамасқа шара жоқ.

Smitty, рэп орындаушы:

- Зактың жанды дауыста акапелла оқығанын естігенмін. Куәгері болғанмын. Мойындаймын. Өте мықты оқиды. Сондықтан ойлаймын, оларға «Найнти уаннан» бөлек өзінің таза рэп жасайтын жобасын құрса дұрыс болатын еді деп ойлаймын.

«91-дің» мемберлері үшін топтың жұмысы алғашқа орында. Жеке дара шыңдалу, тек келешектің еншісінде.