Британдық режиссер Дэнни Бойл, әйгілі «The Beatles» тобы жайлы картина ұсынды. Киногер су жаңа туындысын комедия жанрында таспалаған.
«Yesterday» деп аталатын фильм – әлемге танымал болуды армандайтын Джек Малик есімді жігіттің хикаясын баяндайды. Қарапайым серінің шығармашылығы, жол апатына ұшыраған сәтінен басталмақ. Дәл сол оқиғадан кейін ол «The Beatles» тобының мұрасын есінде сақтап қалған жалғаз адамға айналады.
Алайда, «Битлз» ұжымының шын мәнінде болғанына, ешкім сенбейді. Есесіне Джек, британдық төрттіктің тректерін шырқап – әлемге танылу мүмкіндігін иеленеді. Фильмде Маликке көмектесетін жандардың бірі – Эд Ширан. Фэнтези, қыркүйектің 19-нан бастап үлкен экрандарға жол тартпақ.