Басында жеке өміріндегі келеңсіздіктерімен ел назарын аударған Ақбота Сейітмағамбет, қазір әлеуметтік желідегі оқырмандарын ұлғайтудың әдісін тапқан. Таяуда парақшасындағы фолловерлерінің саны миллионға жеткен жас ананың, инстаграмдағы имиджінде қандай өзгерістер бар?
Ақбота алғашқыда жеке өміріндегі жайсыз жағдайларды жазып, жанкүйерлеріне мұңын шағатын еді. Кейін Дәурен Айдарқұловпен қарым-қатынасы түзеліп, заңды некесін қиған соң, көңілдірек форматқа көшті.
Қазір ауқымды аудиториясын ұстап тұру үшін, екі баланың анасы инста әлемдегі жас келіншектерге кеңес беруді құп көреді.
Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:
-Баланы қалай тәрбиелеу туралы қызық шығар. Қалай босанғаным туралы, қызық болуы мүмкін. Енді алдағы уақытта өнерге қайта оралып жатсам, әндер, бейнебаян, киноға түсіп жатсам, оларға менің өнерім қызық болатын сияқты.
Жеке парақшасының бет-бейнесін дәл осылай суреттеген Сейітмағамбетті де, ерекше имиджімен елітетін санаулы ғана инста-аккаунттар бар.
Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:
-Блогерлерді оқимын. Жаңағы қалай қызықты видеолар түсіріп жатыр екен деп. Сосын маған қызық «Кешью» тобының парақшасы, өзімнің жолдасымның парақшасы. Болды!
Динара Сәтжанды отандық шоу-бизнес өкілдерінің өмірі мен өнері тіпті қызықтырған емес.
Динара Сәтжан, тележүргізуші:
-Өйткені Қазақстанда кім танымал, мен оларды білемін. Мен олардың өмірін де білемін. Сол үшін маған қатты қызық емес.
Бизнесвумен өзінің аккаунтын – әмбебап парақшаға жатқызады. Өйткені, жеке кеңістігі шоу-бизнес пен сән саласындағы жаңалықтарға толы. Динараның әр постын 677 мың фолловері оқыса, сылқым өзін қызықтырған 6 мың адамға жазылыпты. Олардың басым бөлігі шет елдіктер.
Динара Сәтжан, тележүргізуші:
-Маған өте ұнайтыны олар Америкада, Еуропада тұратын адамдар.
Өйткені мен өзім сондай жаңа нәрселерді оқып, үйренетін адаммын.
Инстаграмдағы оқырмандардың саны жағынан Қайрт Нұртас көш бастаса, мәртебелі екінші орында Ерке Есмахан тұр, ал үздік үштікті «Юфрэйм» вайнерлер тобы түйіндейді.