Шетелдік музыканттардың танымал бола түсуіне – күні кеше өткен «Грэмми» салтанаты да әсерін тигізіп жатыр. Мәселен, Чайлдиш Гамбиноның жеңісі арқасында оның «This Is America» трегі, Itunes платформасында тыңдалымы жағынан бірден 421 сатыға көтерілген.
Одан бөлек, айтулы салтанатта Майли Сайруспен өнер көрсетіп, көзге түскен Шон Мендестің шығармашылығына қызығушылық білдіргендер саны еселене түскен. Сондай-ақ, «Жыл әртісі» атанған Дуа Липаның «New Rules» әні мен «Жыл альбомы» жүлдесін еншілеген Кейси Масгрейвстың қос бірдей туындысы Itunes шеруіндегі үздіктер қатарында.