Джастин Бибер ем қабылдауға мәжбүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Канадалық поп-орындаушы Джастин Бибер шығармашылығына уақыт таппай жүр. Жақында ғана отау құрған музыканттың, соңғы кездері жүйкесі жұқарған деседі. Енді жас әнші ем алуы тиіс.

Джастин Бибер бал айының орнына, арнайы ем орталығына жолдама алған. Сүйіктісі Хейли Болдуинмен заңды некесін қиған сері, үйлену тойын да кейінге қалдырды. Музыканттың соңғы кездері жабырқап жүруіне, әкесінің салған ауыртпалығы әсер еткен. Бибердің өзге жақындары, енді оған жеке өміріңнен бұрын, мансабыңа көңіл бөл деп талап қойыпты.

Меган Маркл әкесімен татуласа алмай жүр. Патша әулетінің келіні, жақынына сәлем хат та жіберген екен. Томас Маркл болса қызының қағаз бетіндегі жүрек жарды лебізі мен өтінішін, БАҚ өкілдеріне ақшаға сатқан. 2018 жылы тамыз айында жолданған жазбада Меган, әкесінен жұртқа өзін жамандамауын сұрапты.

Джоннни Депп жаңа ғашығын кездестірген сынды. Актер Белград қаласында бейтаныс арумен папарацци көзіне түскен. Кино майталманының жүрегін жаулаған бикеш, қырағы жұртқа тым жас көрінсе керек. Бірақ 55 жастағы өнер иесі ешкімнің де ойын елемейтін секілі. 2016 жылы экс-жұбайы Эмбер Хердпен ажырасқан сәттен, Депп бақытты күндерін қайта тапқанына мәз.