«Брат или брак» картинасымен танылған Олжас Абай, бүгінде әншілігі мен актерлығын қатар алып жүр. Ол шығармашылық жолында енді өзге де салаларды байқап көрсем дейді. Сері тіпті режиссерлық тізгінді де ұстауға қарсы емес.
Олжас Абай – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында «актер мамандығын» тәмамдаған. Кино саласына бетбұрмай тұрып ол, театр сахнасында алты жыл ойнадым дейді. Сегіз қырлы сері әншілікке құмарлығы оянған сәтте, сахнаға да шыққан екен.
Оchooou, әнші, актер:
-Қазіргі кинолар шыққаннан кейін, осы киноларға жету үшін біраз еңбек жасалды. Ән жағынан да, үш жыл бұрын бастадым, екі жыл жәй хобби ретінде жүргем. Халықтан сұраныс болғаннан кейін. Сізді әнші ретінде де есептейміз, тапсырыс түскеннен кейін, енді профессионалды түрде дайындалып жатырмын.
Олжас бүгінде, отандық прокатқа жол тартқан көптеген туындыда бой көрсетіп жүр. Актердың кино қоржынында – «Сиситай», «Класстастар» және «Брат или Брак» сынды картиналар бар. Өнер иесі мұндай сұранысқа ие болуыма, шоу-бизнестің дамуы мен халықтың сұранысы әсер етті дейді.
Оchooou, әнші, актер:
– Өсу процессі деп ойлаймын ол да. Өйткені халықтың да деңгейі өзгермей, біз де әртістердің де деңгейі өзгермейді. Бәріміз бір қатарда өсіп келе жатырмыз деп ойлаймын. Халықтың деңгейі қандай – режиссердың деңгейі сондай. Кез-келген киноның болсын, өнердің болсын мақсаты – табыс табу ғой.*
«Оchooou» лақап атымен сахнада табыс тауып жүрген Олжастың, репетуары да жұтаң емес. 40-қа жуық әні бар музыкант, бірнеше бейнебаян да таспалаған. Очоу болашақта өз бағын режиссерлық істе де сынап көрмек.