Кристиан Бейл «Билік» лентасын ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кристиан Бейл Берлинге ат басын бұрды. «Оскар» иегері Германия астанасында өтіп жатқан кинофестивальде арнайы келген еді. Мақсаты – өзі төбе көрсеткен су жаңа «Билік» картинасын елге таныстыру.

Әйгілі актердің қызыл кілемде төбе көрсеткені сол-ақ еді, жанкүйерлері айқайға басты. Табынушыларының у-шуы, жолақ бойымен жүріп өткен Кристианды аздап абдыратқаны анық.

Толғанысқа толы сәтте, Бейлдың жанында «Билік» картинасының режиссері Адам Маккей де бар еді. Қос киногер жанкүйерлерімен жүздесіп, көптің мауқын басқан соң, негізгі іс – су жаңа лентаны таныстыруға кірісті.

Бес бірдей «Оскарға» үмітті «Билік» картинасы - 2000-шы жылдары саясаттағы ең белделді тұлғаға айналған Дик Чейнидің өмірінен сырт шертеді. Крисианға осы басты рөлді сомдау бұйырған болатын.

Крисиан Бэйл, актер:

-Картина, Чейниді тек вице-президент ретінде ғана емес, отбасы адамы ретінде көрерменге ұсына білген. Жақсы адам болсаң, отбасыңа ие бола аласың. Ал, ұлт осы отбасылардан құралады.

Еске салсақ, Берлинде көрсетілімін өткізген «Билік» биографиялық лентасы, кинофестивалдің негізгі бәйгесіне қатыспайды. Киносайыстың жеңімпаздары ақпанның 17-сі күні белгілі болмақ.