Бүгінде балаларын жалғыз өзі тәрбиеліп отырған Динара Сәтжан, оларға қамқорлық көрсетуде белгілі бір шектеулерге жүгінеді екен. Танымал тележүргізушінің айтуынша, бұл шешімнің өзіндік астары бар. Мәдина Дәулетқызы мән-жайын сұрап көрді.
Тұңғышы Даниял мен кенжесі Диана үшін – Динара қатал әрі әділ ана. Бұл тасжүректігі емес оның тәрбие беру ісіндегі тиісті шектеулерді ұстануы. Тележүргізуші, ертерек ержетсін деп 13-тегі атұстарын жападан-жалғыз шетелге оқуға да жіберген.
Динара Сәтжан, бизнесвумен:
-Бәріміз балаларымызды жақсы көреміз. Бірақ баламызға кроссовки кигізіп, қандай киім киесің, не жасайсың, соның барлығын жасамау керекпіз. Өйткені бала 18 жасында өзі өмірін қалай түсірем, қайда оқимын, не жасаймын, оның барлығын өзі білу керек.
Есесіне, дәл осындай тәрбиенің арқасында кішкентай Диана да қазірден-ақ жауапкершіліктің не екенін жақсы біледі. Сән сахнасында топтаманы таныстыру немесе халық алдында ән шырқау – кішкентай әртіс үшін түк емес. Алайда, бүлдіршіннің арманы мүлде басқа.
Динара Сәтжан, бизнесвумен:
-Диана екеуіміздің мақсатымыз – академия хореографияға түсу. Бізде бір жыл қалды. Мен Досжан Табылдыға, менің досыма айтам, «менің мақсатым «Хореография Академиясы». Бір жыл қалды, барлығын үйрет. Диана соған дайын, түсетін шығар» - деп, ойлаймын.
Оған дейін жұлдызды ана өзінің мансап жолында тынбай еңбек ете береді. Жан-жақтылығымен көзге түсе білетін бикеш, енді онлайн курстар арқылы түйген тәжірибесімен бөліспек.
Динара Сәтжан, бизнесвумен:
-Менің бекграундым өте үлкен. Мен 2001-жылдан бастап өзімнің телекарьерамды жасап, әрбір жаңалықтарда 10 жыл. Одан кейін авторский жобалар болды. Соның бәріне аналитика жасап, осындай курсты шығардым.
Динара Сәтжанның жағымды жаңалығы мұнымен бітпейді. Kazakhstan Fashion Week Astanaның бас продюсері атанған тележүргізуші, бұл күндері сән апталығына қызу дайындық үстінде.