Марат Омаровтың – алғашқы жұбайынан Зарина, екінші некесінен Зульфия, ал үшінші жанұясынан Бибімәриям есімді бұрымдасы бар. Аналары бөлек болса да, бір әкеден тараған қыздардың қарым-қатынасы қалай? Апалы-сіңілілердің сыйластығы турасында тілшіміз тарқатады.
Заринаны жұрт жақсы таниды. Халықтың алдына қарашайынан шыққан ол – Марат Омаровқа әке мәртебесін сыйлаған тұңғышы. Алайда, әнші бикештің ата-анасының отбасылық одағы ұзаққа созылмаған. Алайда, араға уақыт салып, екінші мәрте шаңырақ көтерген сазгердің Зульфия есімді қызы бар екен. Бірақ 25 жастағы аруды көпшілік тани бермейді.
Зульфия Омарова, М. Омаровтың қызы:
-Өйткені Заринаны, бірінше әйелін көп адам біліп қалды. Зарина халықтың алдына шықты. Менің мамам мен әкем ұзақ өмір сүрмегеннен кейін бірге. Мен бір 5 жасыма келгенде, екеуі ажырасып кетті.
Осылайша Омаров тағы да отбасын құрады. Қазір Марат мырзаның үшінші жанұясында мына Бибімәриям есімді бұрымды өсіп келеді.
Өнерге бір табан жақын кішкентай қыз бен әпкелерінің қарым-қатынасы, көңіл қуантарлықтай көрінеді. Олар соңынан ерген сіңілісінің жетістігі мен қуанышына ортақтасуға әрдайым әзір.
Зарина Омарова, әнші:
-Әрине, енді көбінесе анасы тартады өнерге. Енді папамыз өнерлі болғаннан кейін, өнерлі болсын деп... Менің ойымша, өнерде де жүру керек. Өйткені, таланты жетіп жатыр Бибімәриямымыздың. Биін көрдіңіздер, әндері бар. Сол себепті екі жақты да алып жүрсе де жаман емес.
Зульфия Омарова, М. Омаровтың қызы:
- Бибімәриммен әкеммен кездескен кезде кездесіп тұрамыз. Бибімәриммен де жақсы қарым-қатынас. Өте өнерлі, кішкентай біздің қанымыз ғой бәріміз.
Бір әкеден тараған қыздар, Омаровтар әулетінің отбасылық тойларында жиі жүздесіп тұрады. Алдағы уақытта апалы-сіңілілер шығармашылық байланыс орнатудың жоспарын құрып қойған.
Зульфия Омарова, М. Омаровтың қызы:
-Зарина әпкем Омаровамен мүмкін дуэт жазып қалармыз. Енді болашақта көре жатарсыздар!