Отбасылық дуэттердің бәсекесі басталды ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жанболат пен Жазира үшін бір орында тапжылмай тұрып ән салу, өткен шақтың еншісінде. Өйткені, жұлдызды жұп жаттанды сарыннан жалыққан сынды. Қазір кәсіби хореографпен қызу дайындыққа кіріскен ерлі-зайыптылар, дуэттер арасындағы бәскелестікті арттырмақ...

Жанболат пен Жазира соңғы рет би залына студент кезінде барғандарын айтады. Бірақ отандық шоу-бизнестің қарқынды дамуы, өнерпаздардың жаңашылдыққа деген құштарлығын оятқан. Оған себеп жанұялық дуэттің «Сен үшін» атты кезекті клипі.

Жанболат & Жазира дуэті:

-Өнер адамы болғасын, кішкене өзгерістер, жаңалықтар жасап тұру керек қой. Іздену керек. Режиссер айтуы мүмкін. Осы жерде осындай топпен билейміздер, осындай қимыл жасайсыздар дегенде, әрине шамамыз келгенше қозғалуымыз керек, билеуіміз керек.

Иә, бұдан былай жұлдызды жұптар арасында бәсеке басталған секілді. Алдағы уақытта Жазира Байырбекова, ерекше би қимылымен әріптесі Аишаны басып озса, таң қалмаңыз. Өйткені, Бүркіттің жұбайы да хореографиядан арнайы білім алмаған екен.

Жанболат & Жазира дуэті:

-Аишаны биші шығар деп ойладым. Бұрын жас кезінде биге қатысатын қыз деп. Сөйтсек, Аиша мен биші емеспін деді. Бірақ жеке өзінің биі, қимылы бар.

Жақын күндері Жанболат пен Жазира да өзіндік би қимылдарымен, жанкүйлерлерін тәнті қылмақ. Өйткені бейнебаянның желісі де биші қыз бен жігіттің арасындағы махаббатты суреттейді.

Жанболат & Жазира дуэті:

-Жазира осы биші болып, бұрыннан осы топта жұмыс жасайды. Мен сол кезде бұл би тобына жаңадан келген жігіт боламын. Жазираға көзім түсіп, ғашық болып, сондай көріністер ғой.

Жанболат пен Жазираның жаңа бағыттағы бейнебаяны бір айдың көлемінде көрермен назарына ұсынылмақ.