Азамат Сатыбалды актерлықты қойды ма?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Басшылыққа тағайындалған Азамат Сатыбалдының келешегі жайлы – жұрттың ойы сан-сақта жүр. Көпшілік, жайлы орындыққа жайғасқан актердың, театр сахнасынан қол үзбеуін қалайды. Директор атанған өнер иесінің, уайымшыл жұртқа берер жауабы қандай?

Бастапқыда ұсыныс түскенде, Азамат бірден қабыл алмаған. Жүз ойланып, мың толғаннан актер, өнердегі сенім артқан ағаларының өтінішімен – жаңа қызметке келгенін айтады. Бірақ директорлық мансапты еншілеуі, Сатыпалдының театр сахнасымен қоштасты дегенгі меңзеемейді...

Азамат Сатыбалды, актер:

-Бұл қызметке келгеніммен де, өзімнің актерлығымды еш уақытта тастамаймын. Өйткені мен М. Әуезов театрында актерлық штаттамын. Бүкіл Әуезов тетрындағы рөлдерімді, спектакльдерді өзім ойнаймын және өзімнің жеке театрым бар. Сондықтан да мен сахнамен қош айтыспаймын. Бұл енді ұсыныс болғаннан кейін, біз қай уақытта тетарға қызмет жасауға дайын болуымыз керек.

Азаматқа Ғ. Мүсірепов атындағы мекемені аманаттаған Сәбит Әбдіхалықов, таяуда әкем театрын басқаруға келген-ді. Жайлы орынға жайғасқан актерды, сахнаға деген сағыныш қаншалықты билейді?

Сәбит Әбдіхалықов, актер:

-Қазақ халқының алдында, мемлекеттің алдында үлкен жұмыс болғаннан кейін, сол жауапкершілік кез-келген сағынышты жеңіп, дұрыс жұмыс жасауға итермелейді.

Сәбитке қара шаңырақтағы жылы орнын табыстаған – талантты режиссер Асхат Маемиров. Мұхтар Әуезов театрының экс-директоры енді Өнер академиясының ректоры атанған еді.

Асхат Маемиров, режиссер:

-Өзімнің жұмысымды үш тарапта жүргіземін. Бұл – басшылық, ұйымдастырушылық жұмысым, екінші – менің шығаршылық, режиссерлық жұмысым. Себебі, практикалық тұрғыда қойылымдар қойылмаса – ол режиссерлық қабілет көмескілене бастайды. Үшінші – ғылыми-педогогикалық жұмыспен айналысамын. Сондықтан тетігін тапса, кез-келген нәрсеге үлгеруге болады.

Өткен жылдың соңында Темірбек Жүргенов атындағы білім ордасының проректоры қызметіне бекітілген Сәкен Майғазиев те, жаңа жұмысын «МузАртпен» қатар алып жүр.