Қайрат Нұртастың інісі, хэйтерлер қарсы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сахнаға шыққалы кереғар пікірлерден көз ашпаған Қайрат Нұрастың інісі, тағы да хэйтерлердің қытығына тиюді құп көргендей. Желідегілер Заңғардың ән салмауын өтінсе, жағымсыз жазбалардан шабыт алатын хитменнің бауыры, жеке альбомын әзірлеуде екен.

Ашығын айтайық, аға мен іні дуэты жұртқа бірден жаға қойған жоқ. Көпшілік олардың акцентін келеке қылып, Заңғардың вокалдық қабілетін сынға алды...

Заңғар Нұртас, Қ. Нұртастың інісі:

- «My universe» әні шыққан кезде сындар айтылды. Бірақ, соның арқасында жарыққа шықтым. Сынның да жақсы жақтары көп. Осы «My universe» әнінен кейін, жаман болған жоқпыз. Тек қана жақсы жақтарын көріп жатырмын.

Бірақ өзін халыққа кеңінен танытқан трек, Қайраттың бауырына шабыт сыйлаған сынды. Бүгінде оның репертуары 5 туындымен толыққан. Алдағы уақытта Заңғар Нұртастың жеке үнтаспасы жарыққа шықпақ.

Заңғар Нұртас, Қ. Нұртастың інісі:

-Бір жылдың ішінде, альбомым шығып қалатын шығар осы... Енді ағама қатты ұқсамай, «аспасаң да ұқсап бақ» - дейді ғой. Бірақ сонда да өзімнің стилімді тапқым келіп отыр. Сондықтан, қазір әр түрлі әндер шығару үстіндеміз.

Сырт көздің сынына сағы сынбай, хэйтерлерге қарсы тұра білген Заңғарға анасы материалдық тұрғыда қолдау көрсетсе, ағасы Қайрат рухани көмегін аямайды екен.

Заңғар Нұртас, Қ. Нұртастың інісі:

-Негізі ағам қолдау жағынан өте мықты. «Қолда бар да алтынның қадірін біл», - дейді. Сондықтан, осы мүмкіншілікті пайдаланып қазір сахнаға шығып жүрмін.

Қайрат Нұртас, әнші:

-Заңғарға айтарым, барлығы Алланың қалауымен. Сондықтан алға баса бер. Тыңдайтындарды тыңда, тыңдамайтындарды тыңдама!