Режиссер Альфонсо Куарон «Рома» картинасы арқылы, өз қалтасын қалыңдатып қана қоймай, еліне де пайдасын тигізді. Аталмыш лента «Оскар» марапатының ең көп номинациясына үміткер болғалы бері,туристер Мексиканың Мехико қаласына ағыла бастаған.
Әлемнің әр түкпірінен келген меймандарға, «Рома» картинасында көрсетілген көше мен онда орналасқан үй қызық болған екен.
Ирма Пена, турист:
-Мұнда фильмді еске салатын дүниелер өте көп. Менің жасымдағы адамдар – сол картинада көрсетілген заманда өмір сүрген жандар. Сондықтан, осы үйге келіп, өткенді еске алу қызық болды.