Жерік болған жұлдыздар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тұсаукесерде Құралайды құттықтауға келген жұлдызды аналар, өздерінің жүктілік кезеңін еске алды. Мәселен, Ақбота жары Дәурен Айдарқұловты жеріктігі үшін талай рет әуре-сарсаңға салған екен. «Қалауым – үнді қарбызы болды» - дейді, ол.

Ақбота Айдарқұлова, әнші:

-Бірінші баламда да, екінші баламда, мен де шамалы 1-2 айдың көлемінде жеріктік болды. Жемістерге қыстың кезінде жаңағы арбузға, иа біз бүкіл қаланы аралап, жаңағы «индийский қарбызды» әрең дегенде тапқан болатынбыз.

Алайда, тұңғышы үшін барын салған Ақботаның күйеуі, екінші сәбиіне келгенде аздап жалқаулық танытқан көрінеді.

Ақбота Айдарқұлова, әнші:

-Екінші жүктілігімде тоғызыншы айға жақындағанда, жаңағы қалай айтсам болады, құлпынайға жерік болдым. Құлпынайды аламыз дегенше, менің срогым жақындап қалды. Солай босанып қалдым. Сол күйі жеген жоқпын.

Ақбота сынды, Аша Матай да орындалмаған бұйымтайын әлі де ұмытпақ емес.

Арман Қоңыров пен Аша Матай:

- Жерік болғанның өзінде Арманға хабарласқанда, Арман ертен алып келемін дейді. Сосын жарайды деп келісе салатынмын. Жолда келе жатып көшеде машинада «Аша тоқташы, тоқташы» деп. Сөйтіп жол бір точкадан, бір точкаға жетеміз деп тоқтап сол ыңғайсыз болатын. Есіңде ме...?

Осылайша, айтқанды бірден істемесе де, Қоңыров мырза әйелінің жүктілігі кезінде біраз шапқылаған көрінеді. Ал аяғы ауыр бикештердің түрлі сезімдері Динара Сұлтан үшін мүлде жат екен.

Динара Сұлтан, әнші:

-Қызық көрем осы әйелдер, ой менде «гармональный сбой» болып жатыр, мен жылаймын, мен күлемін, мен аяғы ауыр болғанда сондаймын деген нәрселерді айтып жатады. Бірақ та менде ондай болған жоқ. Сондықтан шығар, мен осыншама баланы дүниеге әкеліп, қалай айтсам болады жақсы сезінгенім.