«Брат или брак - 2» үлкен экрандарда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Құралай Анарбекова «Брат или брак-2» картинасының тұсауын кесті! Лента көңілдерінен шыққан кей жұлдыздар, туындының жалғасы таспаланса деген тілектерін де білдірген! Алайда, Тәуекел Мүсілім бұл ойға үзілді-кесілді қарсы шықты. Неліктен?

Енді Айдар, қатал қайынағаларының қысымынан қорықпайды! Гауһарға ғашық Марсель де сүйіктісінен үміт үзгендей. Осылайша, өмірім оңалды-ау дегенде, Айгерімов тағы бір сынаққа тап келмек. Басты кейіпкер «жүктілік синдромына» шалдығады.

«Брат или брак-2» аясында Құралай Анарбекова да аяғы ауыр арудың шынайы күйін кешкен. Продюсердің кинодағы образы, түсірілімдегі түйіткілді мәсені шешуге септік болса керек.

Құралай Анарбекова, продюсер, актриса:

-Бірінші баста ұялдым жүруге ішпен жүкті болып, группадан да ұялдым, ата-анам қалай ойлайды. Одан соң, продюсер ретінде локация сұрағын шешу керек болған кезде, мен келіп «аға тез көмектесу керек» - деп. «Сен қобалжыма, бәрін шешеміз, саған болмайды, бұл деген жұмыс» - деп, өздерінің көңілдерін білдіріп.

Бәз баяғы бес бауыр мен күйеубаланың бастан кешкен хикаялары суреттелген лентада Тәуекел Мүсілім де ұмыт қалмаған. Алайда, Анарбековамен екінші рет түсірілім алаңында тер төккен актер, туындының жалғасын таспалауды құп көрмейді.

Тәуекел Мүсілім, тележүргізуші, актер:

-Енді, Гауһар екінші бөлімде балалы болады. Сондықтан, мен ойлаймын ары қарай жалғастырудың қажеті жоқ деп. Өйткені, кез-келген ананың басты мақсаты – балалы болу. Кинода Гауһар бақытты әрі балалы, сонымен кино бітеді-ау, деп ойлаймын.

Бірақ бұл пікірмен, су жаңа туындының алғашқы көрермендері келіспей отыр.

Айдана Меденова, әнші:

-Меніңше күшті болып шыққан сияқты. Әсіресе жүкті болған қыздардың, барлығы жақсы түсінеді деп ойлаймын. Күшті, әдемі, өте көңілді фильм.

Асылхан Төлепов, актер:

-Бұл жерде сценарий жақсы және барлық актерлық құрам өте керемет ойнады. Жалғасын күтер едім, енді Баханың өмірі жақсы болып шықса екен деп тілер едім.