Арнайы аллеяда жұлдыз алмаса да, жас орындаушы «Parfumer-дің» арманы асқақ. Әлеуметтік желіні ерек образымен әбден шулатқан рэпер керек болса, «Blackstar-ға» бәсекелес боламын деп отыр. Толығырақ тақырыпты Мәдина Дәулетқызы тарқатсын.
Өзін «Parfumer» деп таныстырған Азамат Мейрамбек әлеуметтік желіде дәл осы «Ойнама» трегімен танылған еді. Бірі топ оны сырт келбеті үшін сөксе, екінші тарап жаңашыл әндерін оң бағаландай. Тіпті, тыңдармандар арасында рэперді Lil pump-қа ұқсатқандар да көп.
Parfumer, рэп орындаушы:
-Маған негізі көп шетелдік әншілер ұнайды, жаңа рэптен. Янг-таг, Лил Памп, Кендрик Ламар, Мигос Карди Би, Трэвисс Скот, Асап Роки, көп. Қазіргі уақытта «топ-100 американдық Биллбордта» - 80% жаңа рэп.
Қазақстандық хип-хопты да сол деңгейге жеткіземін деген «Parfumer», небәрі бір жыл бұрын мемлекеттік қызметте істеген. Әскери оқу орнын тәмәмдап, жұмысында әділетсіздік көрген ол, өнер жолына түсуді ұйғарады. Алғашында Мәскеудің Арбатында ән салып, ресейлік лейблдарға кірмек болады. Алайда, сансыз сәтсіздіктерінен соң, Азамат отандық музыканы өркендетуге бел буады.
Parfumer, рэп орындаушы:
-Менің арманым негізі лейбл құрау Қазақстанда. Алматыда менің, менің родной қаламда, конкурирующий лейбл который мог бы конкурировать с Россиской Федерацией.
Болашақта бұйырса «Blackstar-ға» бәсекелес боламын деген Азамат, бүгінде шығармашылығына шындап кіріскендей. Әндерін әзірге тек ғаламтор желісі арқылы таратуда.
Parfumer, рэп орындаушы:
- Менің ендігі мақсатым – тур по Казахстану. Тоғыз қала. Астана Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Шымкент, Павлодар.
Айтпақшы, «Parfumer-ді» атышулы Байзақованың сәбиінің әкесі деп топшылағандар да жетерлік. Оған рэпердің мына туындысы себеп болса керек. Алайда, Азамат бұл ақпаратты жоққа шығаруда.
Parfumer, рэп орындаушы:
-Жоқ, мы не общаемся...