Аралас некеге жұлдыздар қарсы ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Алуа Қонарова осыдан 25 жыл бұрынғы суретін желіге жүктеп, кезінде қырғыз жұртының келіні болғанын жариялаған еді. Өзге елдің азаматына тұрмысқа шыққан продюсердің, өкінішке орай жанұялық өмірі ұзаққа созылмаған. Ал, отандық жұлдыздар «аралас некені» қаншалықты құптайды?

Иә, өмір жолы сан тарау. Қазақы отбасында өсіп-өнген Жұбаныш Жексенұлының, басқа ұлтпен құда болу ұш ұйықтаса түсіне кірмеген. Өткен жылы әншінің тұңғышы Әбілхайыр, италиян қызы Мәрияммен шаңырақ көтерген еді.

Жұбаныш Жексенұлы, әнші:

-«Мәриям Жагор деген – орыс қызы» - деген әнді, «Дудар-айды» мен талай жылдар айтып келетін жатқан ән. Осы әнді айтып-айтып, сол ұлымның өмірінің жолында Мәриям деген қыз шығып, қазір отбасын құрды.

Бүгінде Жанболат пен Жазираның да жалғыз ұлы үйленер жасқа жеткен. 20-дағы жігіттің таңдауы өзге халықтың қызына түссе, жұлдызды ата-ана келінін қабылдауға қарсы емес.

Жазира Байырбекова, әнші:

-Сүйіп қалса енді амал жоқ. Бірақ кез-келген адам тілейді ғой өзімнің қанымның, ұлтымның қызына үйленсе деп. Бірақ енді адамгершілігі жақсы болса, екеуі бір-бірін сүйіп тұрса, ештеңе айта алмаймыз деп ойлаймын.

Айгүл Иманбаева да баласының болашағына қатты алаңдаулы. Прагада білім алған Асылжанның, шетелдік құрбылары көп екен.

Айгүл Иманбаева, әнші, актриса:

-Тағдырдың алдына кім шығып көріпті?.. Сол себепті бір нәрсе айтудан қорқамын. Құдай кімді берсе де, қалай берсе де адалынан берсе, дұрыс болар еді. Бірақ өзімнің ұлтым, қазағым болса мен қуанар едім.

Әлем таныған Димашты да желідегілер, аспан асты елінің аруларымен жиі жұптастырады. Алайда, қазақ баласы ата-анасы аралас некеге қарсы.

Қанат Айтбаев, Д. Құдайбергеннің әкесі:

-Қазақы ортада, біздің ұлттық менталитетімізді бойына сіңіріп өскен бала. Біздің үйде үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидасын барлығы ұстанған. Сондықтан біздің айналамыздағы ағайындардың, қаншалықты талапты екенін, Димаш біледі.

Десек те, махаббаттың ұлт талағамайтынын дәлелдеген жұлдызды жұптарымыз да жетерлік. Мәселен, Бүркіттің келіншегі Аиша, яғни Виктория орыс ұлтынан. Ал ұйғыр жігіті «Ринголық» Әділжан Умаров кәріс қызымен бақытты ғұмыр кешуде.