Кезінде голливудтың ең әдемі жұбы атанған – Ченнинг Татум мен Дженна Дуан бір жыл бұрын ажырасса да, әлі күнге дейін соттасып жүр. Экс-ғашықтар ортақ қыздарын бөлісе алмай дал. Істің ақыры қалай өрбімек?
Ченнинг Татум мен Дженна ДуАнның айырылысқанына жарты жылдан асты. Жұлдызды жұптың ортақ қызы Эверли, актердың қалауымен анасының қамқорлығында қалған еді. Енді бүлдіршінмен кездесе алмай жүрмін деген Ченниг, қызын қайтару үшін барын салуда. Тіпті, Эверлимен кездесу тәртібін айқындау үшін сотқа арызданбақ.
Әпкелі-сіңілі Хадидтердің де басы дауға қалды. Белла мен Джиджиге соттан шақырту қағазы келген көрінеді. Әлемге танымал сәнбикелер, «Fyre» фестивалін жарнамалаудан тапқан қаламақыларын қайтарып беруге мәжбүр. Өйткені, аталмыш концерт ұйымдастырушылары жемқорлықпен ұсталған екен. Енді қос бикеш, бұл іске еш қатысы жоқтығын заң алдында дәлелдемек.
Ариана Гранде – поп-патшайымы атанды. Әнші қызды «Forbes» журналы, музыка саласының үздігі деп таныды. Әйгілі басылымның пайымынша – Ариана бүгінде күллі әлем мойындаған өнерпаздың бірі. Гранденің әрбір туындысы, түрлі музыкалық платформаларда үнемі рекорд орнатуда. Ариана иеленген атақты кезінде Мадонна, Бейонсе сынды жұлдыздар да алған еді.