81 жастағы Джейн Фонданың құпиясы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше SAG Awards-тың қызыл кілемімен жүріп өткен Джейн Фонданың сұлулығына қатысты қызу әңгіме әлі де толастар емес! Майталман актрисаны 81-жаста деп айтуға да аузың бармайды. Голливуд жұлдызының көркінің сыры неде? Жауабын тілшіміз біліп көрді.

Джейн Фонданың кино әлемінде жүргеніне, ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Сол аралықта актриса «Оскар», «Алтын глобус», «BAFTA», «Эмми» марапаттарын бірнеше мәрте еншілеген еді. Алайда, бүгінгі таңда, оның әртістік шеберлігіне емес, сырт сымбатына тамсанатындар қатары көбірек.

Сексеннің сеңгіріне жеткен актриса, бүгінде Голливудтың өзінде мінсіз мүсін мен келісті келбеттің эталонына айналған. Өзін жас қалпында сақтап қалған өнер иесінен, сұлулықтың құпиясын сұрайтындар аз емес.

Эллен Дедженерес, тележүргізуші:

-Менен бір кезде әңгіме барысында, Джейн Фонда нешеде деп сұрады. Сол кезде мен білмеймін, шамамен 73,74-те шығар деп жауап бердім. Алайда, шынымды айтсам сексеннен асқаныңды білгенде, жағамды ұстадым. Сен өте әдемі, жас көрінесің!

Сансыз сауалдардан соң, Джейн Фонда барлығына «Прайм тайм: Елуден соң өмір енді басталады» кітабы арқылы жауап беруді жөн көргендей. Ол туындысында – психология, косметология, медицинаға және өз тәжірибесіне сүйене отырып жан дүние мен сыртқы сымбат тақырыбында қалам тербеген. Өнер иесі, одан бөлек пластикалық хирургияның көмегіне де жүгінгенін жасырмайды.

Джейн Фонда, актриса, продюсер, жазушы:

-Менің бүгінгі сұлулығым балалық шақтан бастау алды. Қазіргі жетістігім бұрынғы өмірімнің айнасы. Сондықтан, әрбір ару өзімен жұмыс істеуі керек.

Әсем көрінгісі келетіндерге актрисаның айтар кеңестері жетерлік. Мәселен – алькогольді ішімдіктерден аулақ болу, фитнеспен айналысу, диетаның ағзаға стресс әкелетінін ұмытпау және әрдайым бақытты бола білу!