Головкин телеәріптесін таңдады ма?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Головкин 2019 жылы да табысты кәсіпқой боксшылар тізімінен табылуы бек мүмкін. Өйткені, былғары қолғап шебері беделді «DAZN» платформасымен келісімшартқа қол қоймақ. Яғни, енді «GGG-дің» келешек жекпе-жектерін аталмыш сервис тікелей эфирде таратып, әлем жұртшылғына паш ететін болады.

Еске салсақ, «HBO» арнасынан кеткен соң Геннадийдің командасы, алдымен телеәріптесін нақтылап алған соң, келесі қарсыласты таңдауға кірісетінін айтқан еді. Бұған дейін басты бәсекелесі Канело, «DAZN» платформасымен 365 млн долларға келісімшарт жасасып үлгерген болатын. Енді қос боксшы үшінші мәрте кездесуі ықтимал. Ал «GGG» рингке көктемде оралмақ екен!