Бүгінде шоу-бизнес пен инстаграмдағы ақшалай табыстың мөлшері теңескен тәрізді. Өйткені жұлдыздардың жеке парақшасына кіре қалсаңыз, жарнамадан көз ашпайсыз. Ал, өнердегі әріптестерінің бұл әрекетін Әли Оқапов, елге көрсеткен құрметсіздік деп санайды.
Аудиториясын ұлғайтып, тұтынушыларын көбейтуді көздеген алып компаниялар, Әлиге де түрлі тауарларын ұсынып, қомақты қаржының шетін шығаратын көреді. Олардың мақсаты – жұлдыздар арқылы кәсібінің жарнамасын күшейту. Бірақ өнерлі отбасының өкілі Оқапов, оқырмандарының алдында адал болуға бекінген.
Әли Оқапов, әнші:
-Жасыратын ештеңесі жоқ бірталай ақша ұсынады. Менің ойымша, өзімнің оқырмандарымнан ұят сияқты. Өйткені, олардың махаббатының арқасында, ақша тауып жатырмын. Меніңше ол ыңғайсыздау. Өйткені олардың махаббатын мен пайдаланып жатырмын ғой. Ол дұрыс емес сияқты.
Әртістердің шығармашылыққа деген шабыты сарқылған соң, оқырмандарының да қызығушылығы бәсеңсиді. Жарнамадан көз ашпайтын аккаунттан, сәт санап адамдардың азаюы да сондықтан.
Алтынбек Рахметов, продюсер:
-Кейбір әншілердің маған қызық болмай қалғаны, ол жерде әншінің жеке өмірі емес, шығармашылығы емес, андай бір тақтайшалар болады ғой ылғи жарнамалар жабысқан. Сондай болып қалды.
Әу баста, өнерімен халыққа танылған Қарақаттың, әншілігі – негізгі нәпақасы еді. Қазір Қыдырәлінің жұбайы тағы бір кәсіптің көзін әлеуметтік желіден тапқан.
Қарақат Әбілдина, әнші:
-Инстаграм арқылы - «қосымша табыс» дегенге келеді. Бірақ менің парақшам жарнаманы өте аз жасайтын, жасаса да ол маған қажет, көзім жеткен, көңілім сенген, өзіме ұнаған заттарды ғана ұялмай айта аламын.
Желіге жарнама салса, Сәкен Майғазиевті де жұрт сынап, сыбап алады. Бірақ ақылы посттан тапқанын, жәрдемге зәру жандарға жұмсайтын жұлдыздар да бар екен.
Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:
-Кейбір әріптестерімді білемін. Мына жақтан алып, ақшасын қайырымдылыққа жұмсап жатқандары да бар. Оны дұрыс қабылдай білу керек.