Болливудтың жарық жұлдызы – Приянка Чопра бір ай бұрын ақ келін атанса да, отыз күн ойын-қырық күн тойын жасауда! Өзінен 10 жас кіші Ник Джонасқа тұрмысқа шыққан актриса, думандатып жүріп енді Солтүстік Королинаға да жетті.
2000-жылы әлем аруы атанған Приянка, алғашқы мерекені туған жері Үндістанның салт-дәстүріне сай атап өткен еді. Қос ғашық екінші мәрте ант беру салтанатын Еуропа төрінде жасады. Отағасы атанған музыкант, енді әкесінің жақындарына арнап дастарқан жайған. Бұл қуаныш Джонас әулетінің жеке мейрамханасында тойланды.