Әлемдік прокатта өзін мойындата білген «Аквамен», әрі қарай өз жалғасын таппақ. Жоба авторлары фантастикалық туындының сиквеліне кірісіп кеткен. Джейсон Момоа су астындағы патшалықтың иесі ретінде, енді қандай жаңа жорықтарға аттанады?
Комикстер әлемінің тағы бір суперқаһарманы – Артур Карри жайлы лента,
«DC» кинокомпаниясына 2 млрд-тан астам табыс әкелді. Шытырманға толы фэнтези көрермендерін көп күттірмей жаңа хикаямен оралмақ. Режиссер Джеймс Ван «Аквамен» сиквелінде «Қара Манта» есімді зұлым кейіпкермен таныстырмақ. Ол Джейсон Момоаның басты жауына айналады.
Джеймс Ван, режиссер:
-Су астындағы қиял-ғажайыпты түсіру өте қиын болды. Бірақ жұмыс ауыр жүргенімен, біздің нәтиже көрсетуіміз маңызды еді.
Акваменнің» жалғасы келер жылы жарыққа шығады деп жоспарлануда.
Тағы бір суперқаһарман «Ғажайып әйел» лентасының үшінші бөлімі әзірлік үстінде. Бас кейіпкерді Галь Гадот сомдайтын картинада жаңа заман суреттелмек. Батыр қыздың алғашқы хикаялары соғыс кезін қамтыса, «Ғажайып әйел: 1894» атауын алған франшиза орта ғасырда өрбиді. Ал туындының сиквелі 2020 жылы 4 маусымда үлкен экрандарға жол тартпақ!
«Warner Bros» компаниясы «Funko» ойыншықтары жайлы анимациялық фильм ұсынбақ. Жоба авторлары сәтті шыққан «Лего» фильмінің жетістігін қайталауды көздеп отыр. Компьютерлік графикамен әрленетін туындыда, киногерлер көрермен көзайымына айналған Дэдпул, Харли Квин сынды танымал кейіпкерлерді тоғыстырмақ.