Очоу мен Мейіржанның қылмысы!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Патруль» телехикаясының жұлдызы Мейіржан Төребаев бұдан-былай қылмыскерлер қатарында! Өнерпаз жанына әнші Очоуды ертіп, бұзақы әрекетке барған көрінеді. Енді, жігіттер заң алдында жауап бермек пе?

Мейіржан мен Олжастың қарақшы атанып, қылмысқа баруына Әсел Садуақасова кінәлі болып шықты! Продюсер бикеш танымал жігіттерді жинап, кезекті картинасын таспалауда. Су жаңа лента, шытырманға толы экшн-комедия бағытында.

Очоу, әнші, актер:

-Енді төбелес бар әрбір сахнасында. Атыстар болады, каскадерлер келді көптеген адамдар келді, массовка келді. Барынша енді өзіміз жасадық. Жақсы болу керек.

Түсірілім алаңында Очоудың серіктесі, Мейіржан Төребаев еріксіз көзге түсті. Мейіржан «полиция қызметкерінің» формасын қабылан принтті сәнді образға ауыстырған.

Мейіржан Төребаев, актер:

-«Карта, деньги, два стола» деген бір знаменитый кино бар еді, АҚШ та, Америкада. Сондай бір какой-то почеркі бар. Бірақ менталитет біздікі, менталитет, характер фильмнің бәрі, біздікі болады. Сонымен қызық болады деп ойлаймын. Менің рөлім – ямайка, бандит. Бандит болғанымен, такой необычный бандит болады.

Айтпақшы, бұзақылар арасында Асқар Бисембин де бар. Ол бұл жолы режиссерлықты қойып, актер, әрі сценарий авторы ретінде ат салысуда.

Әсел Сәдуақасова, продюсер, актриса:

-Сценарийді Асқар айтып берген соң, маған қызықты болып көрінді. Алайда, экшн бағытында фильм таспалау оңай емес екен. Бір сахнаның өзін өте ұзақ түсіруге тура келеді.

Әселдің өзі болса, әдеттегідей басты рөлде. Сюжет желісінде – кино түсіріп, танымал режиссер атануды қалайтын жас жігіттің оқиғасы баяндалады. Сәдуақасовамен кездесуге келген бас кейіпкер, аяқ-астынан қылмысты топтың құрсауына түседі. Экшн-комедия наурыз айында көрерменге жол тартпақ!