Алғашқыда әншілігімен танылып, кейінгі жылдары фильм түсіруді қолға алған Бүркіт, кино саласында кәсіби білімнің қажеттілігін енді түсіне бастаған секілді. Осы уақытқа дейін қос картинасын жарыққа шығарған өнер иесі, енді «режиссер» мамандығын меңгеруді көздеп отыр.
Тырнақалды туындысы сынға іліккенімен, іле-шала екінші картинасын ұсынған Бүркіттің, киноиндустрияға құрған жоспарлары жетерлік.
Бүркіт, әнші, режиссер:
-Бірінші киномыздан кейін тәжірибе жинап алдық қой. Екінші кинодан кейін де қаншама тәжірибе болды. Жеке басым үшін. Енді үшінші жобамызды көктемде бастасақ, одан да жеңілірек болады деп сенемін.
Бірақ, әмбебап әртіс түсірілім барысында сан мәрте тығырыққа тірелген. Өйткені, өнер иесінің кино саласында кәсіби білім жоқ. Алдағы уақытта Бүркіт «режиссер» мамандығын меңгеріп, арнайы диплом алуды құп көреді.
Бүркіт, әнші, режиссер:
-Бар! Жоспар бар Құдай қаласа. Бірақ оның қалай боларын ойланған жоқпын. Әзірше қол тимей жатыр. Бірінші кинодан кейін басым айналып кетті. Енді идея бар. Фантазия істейді. Сондықтан да бәрі жақсы болады.
Сүрбойдақ Тәуекелдің, серілік ғұмырын суреттеген «Свадьба кз» фильмінің продюсері Жан Мұқановтың да, киноиндустриядағы тәжірибесі таяз. Бірақ фильмге қаржылай қолдау көрсеткен ол, барлық жұмысты кәсіби командаға сеніп тапсырғанын айтады.
Жан Мұқанов, продюсер:
-Мен мына жерде өзім режиссер, өзім кастинг директорымын, өзім қоюшы-оператормын деп жүрген жоқпын. Негізі 37 күн түсірілім болған кезде, соның 2-3 күнінде ғана болдым.
Мұқановқа киноөндіріс майдай жақса керек-ті! Танымал продюсер кезекті картиналарын таспалауға әзірлік үстінде екен.
Жан Мұқанов, продюсер:
-Менде сценарий дайын. Екі фильмге. Сондықтан кино түсіреміз. Мынау біздің бірінші тәжірибе, имидж!
Төреағалидың фильміне демеушілік еткен әкесінің де, кино саласында сауаты шала. Есесіне қалтасы қалың Төрәлі – бас продюсер. Ал, «ТТТ» ұжымының келешектегі лентасы қандай жанрда жарыққа шықпақ?
Төреғали Төреәлі: әнші, актер:
-Ужас! Ужас кино түсіретін болсам, Жанболат екеуміз түсеміз. Жалмауыз кемпір болады Мәдина.