Кендалл Дженнер қалыңдық атануды көздеп жүр. Сәнбике сүйіктісі Бен Симмонстың анасымен қазірден-ақ жақсы қарым-қатынас орнатып үлгерген екен. Енді баскетболшы мен модель шаңырақ көтермек пе?
Кендалл Дженнер мен Бен Симмонстың көңіл жарастырып жүргеніне 1 жылдан асты. Сәнбике сүйіктісінің әрбір ойынын жібермей тамашалуды әдетке айналдырған. Баскетболшының соңғы жарысына, оның анасымен бірге келген Кендалл, жанкүйерлерін тәтті еткен. Табынушылары бірден, сәнбике келін атануға дайындалып жүр деп топшалауда.
Джонни Депп өзін «ұрып-соқты» деп айыптаған экс-жұбайы Эмбер Хердтің сөздерін жоққа шығарып, өтірігін әшкерелемек. 55 жастағы актер тіпті, ескі видео жазбаларды да сақтап жүрген көрінеді. Бірнеше жылға жалғасқан қос жұлдыздың дауына, Депп осылайша нүкте қоймақ ниетте.
Джастин Тимберлейк қайырымдылықпен көзге түсті. Музыкант Сан-Антонио қаласындағы, денсаулығы нашар балаларға арнап тосын сый әзірлеген. Сері ауруханаға бас сұғып, кішкентай тыңдармандарымен кездесіп қайтқан. Джастиннің мұндай қадамға баруына, олардың әншіге жолдаған видео сәлемдемесі себеп болса керек.