Головкин промоутерін тастаған жоқ

Сообщить о проблеме с эфиром

Бокс әлемінің де өз шытырманы бар. Головкинмен енді жұмыс істеуді доғарыпты деген ақпаратты, промоутері Том Леффлер түбегейлі жоққа шығарды.

Еске салсақ, бұған дейін ESPN сарапшысы Дэн Рафаэль, өзінің твиттер парақшасына осындай деректі жариялап, бұл жаңалық әлемдік БАҚ-ті кезіп кеткен еді. Том Леффлердің сөзінше журналист ақпаратты қайдан алғанын айтпаған және промоутер оны тек сенімді дереккөздерге сүйенуге шақырған.

«Головкинмен үзеңгілес болған соңғы жылдары біз үлкен жетістіктерге жеттік. Ол әлемге әйгілі ареналарда аншлаг жасап, билеттер сатылымы жағынан рекорд орнатқан санаулы кәсіпқойлардың бірі. Геннадий қазіргі таңда жеке промоутерлік компаниясын жүргізіп, соңғы төрт жылдағы келіссіөздердің барлығына өзі тікелей араласып келеді. Және GGG – бренд-амбассадор ретінде демеушілермен ең көп келісімшарты бар боксшы» - деп, түйіндеді өз сөзін промоутері, Леффлер.