«BTS-тік» Сюга топты тастап кетпек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Су жаңа бейнебаян ұсынған «BTS» тобының мүшесі – Сюга, бірнеше сағатта 1,5 млн қаралым жинап үлгерді. «Армидің» сүйікті рэпері, топтан бөлек жеке шығармашылықпен де айналысып келеді. Өнерпаздың бөлектенуі, k-pop ұжымына қаншалықты әсер етуде?

«BTS» бойзбенді құрылмай тұрып, Сюга 3 жылдай дайындалды. Ұжымға алғаш болып таңдалған солистердің бірі – дәл осы өнерпаз. 25 жастағы Мин Юнги өзінің композиторлық қабілеті арқылы - «Big Hit Entertainment»-тің қатаң талаптарынан сүрінбей өткен екен.

«Bangtan Boys»-тің барлық әуендерінің авторы атанған талант иесі, 2016 жылдан бері өзін жеке әнші ретінде танытып келеді. Сахнаға «Agust D» лақап атымен де шығатын Сюга, «BTS» тобының музыкалық продюсері қызметін атқарады.

Әлемге танылған K-pop ұжымының әрбір мүшесіне, топтан бөлек өнер көрсетуге рұқсат етілген. Бұл мүмкіндікті қалт жібермей жүрген мемберлер, өнердегі өзге әріптестерімен дуэт жазуды да қолға алған.

Күні кеше корейлік әнші Lee So-ra-мен ортақ туынды ұсынған Сюга, «Армидің» ыстық ықыласына бөленді. «BTS» фанаттары бойзбенд өкілдерінің топтан тыс жеке шығармашылығын да қолдайды.