Әлем таныған рэпер Канье Уэст пен сәнбике Ким Кардашьян ата-ана атанбақ. Голливудтағы ең танымал жұлдызды жұп, осылайша екінші мәрте суррогатты ананың көмегіне жүгініп отыр. Тіпті Кардашьян-Уэст отбасы бұл жаңалықты сәби дүниеге келгенше жұрттан жасырмақ болған.
Ким Кардашьян мен Канье Уэст, бүгінде 3 бала тәрбиелеп отыр. Үлгілі жұлдызды жұптың кенже қыздары Чикаго, суррогатты ананың көмегімен дүниеге келген еді. Денсаулығына байланысты сәби көтере алмайтын Ким, көп балалы ана атану үшін барын салуда. Өзгеге бұл миссияны сеніп тапсырған сәнбике, төртінші нәрестеміз де ұл болады деп отыр.
Әйгілі музыкант Майкл Джексонның қызы – Пэрис ауруханаға түсті. 20 жастағы актрисаға, жүйкесінің жұқаруы салдарынан арнайы ем қабылдауға тура келген. Бұған дейін сәнбике, қиындықтарға шыдамай бірнеше мәрте өз-өзіне қол жұмсамақ еді. Енді сыр берген денсаулығын қалпына келтіру үшін, Пэрис бірнеше ай бойы дәрігердің қарауында болмақ.
Америкалық әнші Алиша Киз жүргізушілікті қолға алды. Танымал жұлдызға 61-ші «Грэмми» марапатынының тізгінін ұстау мәртебесі бұйырыпты. Өнерлі арудың өзі аталмыш сыйлықты 15 мәрте иеленген. Соул жанрында ән шырқайтын Алишаның табиғи сұлулығы, шара ұйымдастырушыларына ұнаса керек. Ару соңғы 3 жылдан бері бет бояуын мүлдем қолдайбайтынын жиі айтады.