YouTube-те ең көп қаралған клиптер

Сообщить о проблеме с эфиром

Ян-Ханның бейнебаяны қанша қаралым жинайтынын уақыт көрсетер. YouTube тарихындағы ең көп көрілген видеолар көшін, әлі күнге дейін Луис Фонси мен Дэдди Янкидің «Despacito» әні бастап тұр. Бұл трекке бәсекелес бола алатын туынды бар ма?

Луис Фонси мен Дэдди Янкидің дәл осы әні, шыға сала 47 елдің музыкалық чарттарының көшін бастаған. Майамиде таспаланған бейнебаяны 6 млрд-қа жуық қаралым жинады. Бұл туынды - АҚШ елінде үздік шыққан испан тіліндегі алғашқы трекж және 2017 жылы «Грэмми» марапатында «жылдың ең үздік әні» атанды. Әлемдік хитке айналған ырғақты музыкалық шығарманың шыққан биігі, әзірге өзгелерге қолжетімсіз болып тұр.

Ерекше дауысымен талай тыңдарманның жүрегін жаулаған Ед Ширан екінші. Британдық музыканттың «Shape of You» әніне түсірген клипін – 4 млрд-тан астам адам көрген. Талантты өнерпаз бұл туындыны әнші Рианнаға арнаған екен. 2017 жылы жарық көрген трек, Ширанды АҚШ елімен қоса күллі әлемге әйгілі етті.

Үздік үштікті 3,9 млрд қаралыммен, америкалық хип-поп орындаушы Уиз Халифа мен Чарли Путтың ортақ туындысы түйіндеп тұр. Музыканттардың «See You Again» атты бұл әні – «Форсаж» фильмінің жетінші бөліміне таспаланған саундтрек. Бейнебаян аталмыш картинаның марқұм болған жұлдызы Пол Уокердің құрметіне арналған.