Дәурен Айдарқұлов - келіншектің кейпінде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Фильмографиясында – қызқұмар немесе алаяқ жігіттің образына жиі енетін Дәурен Айдарқұлов, енді кезекті картинада келіншектің кейпінде. Әйелді сомдаған актер, нәзік жандыларды ойнауға құмар әріптестеріне бәсекелес бола ала ма?

Дәурен бой көрсеткен фильм - «Криуз» деп аталады. Айдарқұлов бұл картинада 8 сегіз түрлі образға енбек. Бірнеше кейіпкердің ішіндегі ең қиынға соққаны – келіншекті сомдау екен.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

- Маған шынымды айтсам «әйелдің образы» бұрыннан ұнамайтын. Сол бір жағынан қиын болған. Өйткені каблукпен жүресің, боянасың, үйтесің-бүйтесің, бір нәрсе киесің...

Әйелдің рөлі – отандық актерлар арасында трендке айналғандай. Нәзік жандыларды сомдауда алдына жан салмайтын Нұртас Адамбай, әзірге көш басында. Ал, Айдарқұлов әзілкеш әріптесіне бәсекелес бола ала ма?

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Конкуренция болғым келмейді де, ондай ойым да жоқ та, Болашақта мүмкіндігімше сол әйелдің образын ойнамауға тырысамын.

Тың туынды желісінде – қарапайым жігіт, ауқатты әулеттің қызына ғашық болмақ. Алайда, арудың назарын аудару үшін, серіге түрлі образға енуге тура келеді. Өйткені, шетелде заңсыз жүрген жігіттің қулыққа бармасына амал жоқ.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Бұл романтикалық комедия үлкен лайнерде, Жерорта теңізінде болған, әр түрлі қызық оқиғалардың жиынтығы деп айтса болады.

Күні кеше «Круиз» комедиясына жазылған саундтректің тұсауы кесілді. Әнді орындаған қырғызстандық өнерпаз Марсель.

Марсель, әнші:

-Осы фильмнің продюсеріне, дәл осындай кино түсіру туралы идеяны ұсынған мен едім. Оларға бірден ұнап, арнайы сценарий жазылды. Жаз айында толықметрлі картинаны тез арада түсіріп тастады.

Айта кетейік, қазақстандық актерлар бой көрсететін романтикалық комедияға ресейлік маман режиссерлық етсе, продюсерлық жұмыс айыр қалпақты ағайындарға жүктелген. Бірнеше елдің киномамандары бірігіп таспалаған жаңа жоба, жақын күндері отандық прокатқа шықпақ.