Америкалық жас әнші - Билли Айлиш та, өнердегі әпкелерінің жетістігін қайталаса таң қалмаңыз. Себебі арудың алғашқы альбомы 1 млрд-тан астам мәрте тыңдалып, бойжеткенің «ең талантты жас әнші» атануына септігін тигізді.
Билли 8 жасыннан бастап музыкалық мектепте оқыған. Анасы қызының өнерге деген қабілетін көріп, оны арнайы хор үйірмесіне қосқан екен.
Билли тек ән айтып қана қоймай, бимен де шұғылданған. Алайда, 16 жасында жарақат алып, бұл қызығушылығын тоқтатуға мәжбүр болады. Әншілікке мықтап кіріскен арудың, 2015 жылы жарық көрген алғашқы «Ocean Eyes» трегі жаһандық платформаларда 60 млн рет тыңдалып, оған танымалдылық сыйлаған еді.
Дарк-поп жанрында шырқайтын жас өнерпазды көп тыңдармандары, әнші SZA-ға ұқсататын көрінеді. Бүгінде Биллидің «dont smile at me» атты альбомы беделді музыкалық чарттардың көшін бастап тұр. Ал 2018 жылы Биллиді «BBC» өз пайымы бойынша «әлемдегі ең жас талантты өнерпаз» деп таныды.