Анджелина Джолиге туған бауыры қарсы

Сообщить о проблеме с эфиром

Анджелина Джоли болса, экс-ғашығы Бред Питтпен соттасып әлек. Жұлдызды жұп ортақ балаларын әлі күнге дейін бөлісе алмай келеді. Енді Энджидің туған бауыры, актрисаға қарсы заң алдында куәлік етпек.

Анджелинаның туған бауыры - Джеймс Хейвен Джоли мен Бред Питтің дауына нүкте қоймақ ниетте. Ол бұрынғы ерлі-зайыптылардың ортақ балалары әкесімен қалуы тиіс дейді. Себебі, Джеймс өз қарындасының ұл-қызына дұрыс тәрбие бере алатынына сенбейді екен. Бред пен Энджидің ата-аналық құқығына қатысты даудың соңғы нүктесі 2019-дың аяғында ғана қойылмақ.

«Өрмекші адам» картинасы арқылы танылған актер – Тоби Магуайр, жаңа ғашығымен папарацци назарыа ілікті. Татьяна Дитеман есімді сәнбикемен көңіл қосқан жұлдыз, екінші мәрте шаңырақ көтермек. 41 жастағы сері, экс-жұбайы дизайнер Дженнифер Мейермен 10 жылдық қарым-қатынастан кейін ажырасқан болатын. Олардың тәрбиелеп отырған 2 баласы бар.

Танымал сәнбике Кендалл Дженнер болса, бұрынғы ғашығымен қайта татуласты. Бірнеше ай бұрын австриялық баскетболшы – Бен Симмонспен айырылысқан ару, сүйіктісіне тағы бір мүмкіндік берген көрінеді. Сезімдерінің шынайы екенін түсінген Кендалл, енді спортшыға тұрмысқа шықсам да еш өкінбеймін деп отыр.