«Құс қорабы» картинасының тұсауын кесілді

Сообщить о проблеме с эфиром

Берлинде жазушы Джош Малерман романының ремейгі саналатын «Құс қорабы» лентасының тұсауы кесілді! Премьераға басты рөлді сомдаған Сандра Буллоктың өзі қатысқан еді.

Қақаған аязға қарамастан, «Оскар» иегері қызыл кілемде көз тартар әсем көйлекте төбе көрсетті. Ауа райына байланысты, актриса «журналистерге күннің суықтығынан денемді де сезбей тұрмын» - деп әзілдеді.

Netflix ұсынған картинада да Сандраға өзі сияқты жанкештілікке әзір жанның образы бұйырыпты. «Құс қорабы» лентасында екі ұлын ертіп, құбыжықтардан қауіпсіз жерге қашқан жалғызбасты ананың хикаясы баяндалады.

Ең қиыны, кейіпкерлер әрдайым көздері байлаулы күйде жүруі тиіс. Себебі, қорқыншты өзге тіршілік иелерінің ашуын тудыратын, дәл осы адамдардың көзқарасы көрінеді.

Сандра Буллок, актриса:

-Бұрын-соңды мұндай жанрда жұмыс істеп көрмеппін. Алайда, лента үрейлі сюжетке толы ғана емес, отбасылық оқиғаны да баяндайды дер едім.

«Құс қорабы» фильмінің режиссерлық тізгіні Сюзанна Бирге табысталған болатын. Үлкен жұмысты атқарған киногер, лентаны хоррормен шатастырмауды сұрайды.

Сюзанна Бир, режиссер:

- Бұл – хоррор емес, триллер. Сценарийді оқи салысымен, лентаны міндетті түрде түсіру керек деген ой келді. Меніңше, екі баласы бар, көзі байланған әйел адамның образы – көрерменге қызық болады.