Қашан келін әкелесің? Үйіне бас сұға қалса Әлішер Кәрімовке дәл осы сауал бірінші жолданады. Өнер иесі өзін мезі еткен сұрақтан шаршаса керек, бүгінде ата-анасымен алыстан амандасып, туған жеріне баруды да сиреткен.
Бірақ отандық шоу-бизнестің сүрбойдағы, өзіне жиі жолданатын сауалдың жауабын кезекті, клипі арқылы беруге бекінген. Әлішердің тың туындысы – «Бойдақ» деп аталады.
Әлішер Кәрімов, әнші:
-Енді өзім жазғаннан кейін бұл әнді. Клиптің идеясын өзім ұсындым режиссерларға. Кішкене өзгертіп жасадық осы бейнебаянды.
Енді кішкене логикасы бар клип деп ойлаймын. Бірақ көбісі қолтығының астында шашы бар қызға назар аударады. Енді әрқайсысы өзінің көргісі келгенін көреді де.
Сүрбойдақ – су жаңа видеоның сюжетінде бірнеше образға енеді. Тергеуші, кастинг директоры және ханзада. Бірақ қалауындағы қалыңдығын таба алмай әуре-сарсаңға түседі.
Әлішер Кәрімов, әнші:
-Шығыс жігіті болғаннан кейін, мен отбасымда хан болғым келеді. Ол дұрыс деп ойлаймын. Өйткені әрбір ақылды әйел өз сүйіктісінен, өз жарынан жарты бас болсын төмен болу керек.
Кәрімовтің қазіргі таңда көңіл жарастырып жүрген сұлуы жоқ. Дегенмен, сері жігіттің болашақ жарына қояр талаптары, клиптің желісімен ұштасып жатыр.
Әлішер Кәрімов, әнші:
-Қыз болғаннан кейін көп тамақ ішпеу керек. Көп сэлфиге түспеу керек. Каратэ көрсеткен қыз бар. Әрқашанда әйел болып қалу керек. Тек қана маған емес. Әрбір жігіт осындай қыздарды қалайды деп ойлаймын.
Бүгінде отыздан асса да отау құруға асықпаған Әлішердің жанұясында, «келін тақырыбы» жиі талқыға түседі. Үйдегілер шаңырақ көтеруін талап етеді екен. Сондықтан болар, туған жеріне баруды сиретіпті.
Әлішер Кәрімов, әнші:
-Айтып жатыр. Ата-анам ғана емес, барлық туыстар... Сондықтан да, қазір Таразға жиі бармайтын болдым.