Танымал қазақстандық гелзбенд – «КешYOU-дің» 12 жылдық тарихында, құрамы сан-алуан өзгеріске ұшырады. Ұжымның әрбір мүшесінің топқа келу хикаясы – өз алдына бір оқиға. Мысалы, Балжан Бидашты «КешYOU-ге» кастингсіз-ақ, той үстінде қабылдаған екен.
Балжан Бидаштың 4 жасынан бастап ән айтады. Музыканттардың отбасында дүниеге келген өнерпаз қыз, өз жұлдызын жағу жолында тынбай еңбек еткенін жасырмайды.
Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:
-Барлық жастар жас кездерінде, студент кездерінде қалаға келгенде күндерін көру үшін, неше түрлі жұмыстар істейді. Менде де ондай болды. Оқуымның ақшасын өзім төледім. Тойларда ән айттым.
Мансабын той-томалақтан бастаған Балжан, кішкентайынан топ құрамында ән шырқаған екен. Оның көрсеткен өнері үшін алған алғашқы ақысы әлі де есінде.
Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:
- 2500 теңге. Мен Түркістан қаласында, мектепте оқыдым. Сол кезде біз үш қыз болып ән айтатынбыз. Ол кезде мен жаңадан кірген қыз болып, сол топтан 2500 теңге алғаным есімде.
«Кешью» тобында 3 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан ару, бұл ұжымға продюсер Алтынбек Рахметовтың арқасында тап болған. Баян Алагөзова гелзбенд құрамына қыз іздеген сәтте, Балжанның бағы жанған екен.
Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:
-Кастинг деп айтуға бола ма болмай ма білмеймін, бірақ мені ресторанда мейрамханада, дастархан үстінде қабылдап алған болатын. Сол жерде ән айтып билейсің ба деп сұрады, енді иекемім бар деп, әйтеуір өтіп кету керек қой бізге басында.
«Кешьюлік» арудың тағы бір өмірлік арманы – отбасын құрып, ана болу. Бірақ Балжан болашақ жарының өнер адамы болғанын қаламайды.
Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:
-Өзімнің өмірлік жарымның, өнер адамы болғанын қатты қаламаймын. 25 жасымда тұрмыс құрғым келеді. Өнер енді ешқайда қашпайды. Түсінетін адам болса жалғастыра жатармыз.
«KeshYOU-ден» үйренгенім жетерлік деген әнші қыз, енді жеке шығарамшылығын шыңдамақ ниетте. Ол келер жылдан бастап «Бидашка» есімімен сахнаға шығады.