Рок пен поэзияны тоғыстырған ақын.

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл дүниеде мәңгілік тек – Ауа! Алматыда дәл осындай тақырыпта Мақпал Жұмабайдың ерекше концерті ұйымдастырылды. Оның өзге шығармашылық кештерден айырмашылығы –қазаққа таңсықтау рок жанры мен ақындық өнердің тоғысуында.

Мақпал Жұмабай – ақындық пен музыканы бір арнаға тоғыстырып, өрнекті өлеңдерін әуезді әннің сүйемелдеуімен орындап жүрген жан. Қарақұрым оқырманына жырын жеткізудің тың жолын тапқан ол, әрбір туындысын өзіндік үні бар деп біледі.

Мақпал Жұмабай, ақын:

-Жер бетіндегі барлық өлеңдер – музыкамен жазылған. Бірақ уақыт өте келе, заман өзгере келе өлең өз музыкасынан айрылып қалды. Ал, мен соны өз күшімше тірілткім кеп жүр және менің барлық өлеңдерім музыкамен туылады. Сондықтан, оны өз деңгейіне жеткізу үшін өзім айтуға мәжбүрмін.

Мақпалдың мақамды жырларының ішінде «Ана» атты өлеңі – бір төбе. Қалың көпшілік оны сүйіп тыңдайды, ақын үшін дәл осы туындының құны жоғары.

Мақпал Жұмабай, ақын:

-Менің анам – ақын Биғайша Медеуова айтатын, сенің өлеңдерінде музыка бар, сен соны естисіңбе деп. Мен әрине сол кезде қарсыласатынмын, ешқандай музыка жоқ деп. Бірақ уақыт өте келе, дәл осы «Ана» деген өлеңнің музыкасы құлағым келді. Барлығы осыдан басталып кетті.

Содан бері, әр өлеңін музыкамен үйлестіре дүниеге әкелген Мақпал Жұмабай, Алматыда концептуалды концертін өткізген еді. Поэзияны тыңдарман жүрегіне әуен арқылы жеткізген ақын, кешке «Ауа» деп ат қойған.

Мақпал Жұмабай, ақын:

-Өмірлер, тағдырлар, сөздер, ойлар, осы жер бетіндегі құбылыстар оқиғалар, қоғамдар – барлығы тек қана ауада қалады, сіңіп қалады. Соңғы кезде тапқан шындығым - барлық нәрсе өткінші, тек АУА ғана – мәңгілік. Сондықтан, мен осы кешімді «Ауаға» арнағым келді.

Шоу-бизнес заманында жұртты өнері арқылы әдебиетке бір қадам жақын еткен ақынның, басқа да жоспарлары жетерлік. Енді ол, «Мақпалшерді» анимациялық кейіпкер ретінде шығармақ. Келешекте бүкіл әндерімді сол орындайтын болады дейді қаламгер бикеш.