Отандық шоу-бизнес өкілдері, жастардың мәселелерін қозғады. Жеткіншектермен ашық кездесу ұйымдастырған танымалдар арасында актер Шәріп Серік те бар. Вайн арқылы танылған Шаконың жетістікке жетуінің сыры неде?
«Жастар алаңы» саммитіне тәжірибесімен бөлісуге келген жұлдыздарды ішінде – кино, музыка және сән саласының өкілдері бар. Танымалдардың мақсаты – жастардың жігерін жану. Ал актер Шәріп Серік оларды тынбай еңбек етуге шақырды.
Шәріп Серік, актер:
-Өзім жас болғаннан кейін, біз де өзіміз мысалы кино әлемінде жұмыс істеп жүргеннен кейін кішігірм вайн түсіріп, жастарға қолдау көрсетіп, міне қолдарыңызда бәрі бар. Жұмыс істеңдер сізге ешкім жоқ демейді, сізге ешкім қолдарыңнан ұрмайды деген сияқты.
«Патруль» телехикаясымен танылған Мейірхан Шерниязовтың пайымынша, баланы кішкентайынан дұрыс тәрбиелеу қажет. Ата-анасының ұл-қызына еркіндік беруі – ертең қанат жаюына үлкен септік дейді ол.
Мейірхан Шерниязов, актер:
-Қазір мынандай ғаламтор әлемінде технологиялар дамыған әлемде, жастармен тікелей сөйлесу, тікелей бір-бірімізге кеңес айту менің ойымша өте жақсы тәжірибе. Біздің менталитетімізде кішкене бар ғой, бірдеңе болса басып тастайтын, баспау керек баланы, қолдау керек.
Дәл осы жұлдыздардың бет-жүзін әрлейтін Санди Бексырға үшін, жастарды ынталандыру маңызды. Визажист бүгінгі ұрпақтың кемшілігі – тұйықтау болып өсуінде деген пікірін алға тартты.
Санди Бексырға, визажист:
- Біз жастарды қолдап, оларға өз білгенімізді үйрету үшін шақырған жоқпыз, біз оларға тек мотивация беру үшін шақырып отырмыз. Өздерінің ішіндегі проблемалары болады кейбір жастардың, жаңағы комплекс деп жатады ғой, комплекстарын ашу керекпіз.
Жанар Дұғалова болса білгенімді үйретуден гөрі, ән арнасам жеткілікті дейді. Орындаушы бұл заманғы балалардың көңілін музыкамен табу әдісін құп көреді.
Жанар Дұғалова, әнші:
-Әншілер не істей алады, әрине әнімді сыйлап келдім. Біз жастарды әрқашанда қолдауымыз керек әрине, өйткені біз қолдамағанда кім қолдайды, кім шабыт береді?!