Биыл бар күш-жігерін шығармашылыққа жұмсаған Сәдуақасова, келер жылы ел назарынан тыс жүрсе, таң қалмаңыз! Өйткені, әнші декреттік демалысқа аттануы мүмкін. Жағымды жаңалықты жұмбақтап жеткізген Мәдинаның, ерекше сәтті тағатсыздана тосып жүргені анық байқалатындай.
Әдетте, әулетке сәби келсе, жұлдыздар қауымы жұбайын ерекше сыймен қуантатын. Бірақ Мәдинаның алғаш ана атанған сәтте, отағасы Олжастың материалдық тұрғыдағы тартуы есінде жоқ.
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
-Ең бастысы өзінің өмірін, өзінің махаббатын, ықыласын, ең бастысы өзін сыйлады.
Алайда, әлі де кеш емес секілді. Сәдуақасованың дәл осы сұхбатында жұмбақтап, таяуда тағы бір жағымды жаңалықтың нышаны барын байқатты.
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
-Мен мынандай нәрсе айтайын. Енді Құдай қаласа тағы да екінші бөпелі болған кезде, жақындайды ғой уақыт. Сол кезде айтып берейін.
Ал, үш баланың анасы Сиви сыйлықтан кенде емес. 2015-жылы қызы Салидатты дүниеге әкелген күні, әншіге жұбайы «Бэнтли» автокөлігін тарту еткен-ді. Бүгінде кішісі төртке таяған ана, келесі жүктілігін жоспарлап жүр.
Сиви Махмуди, әнші, продюсер:
-Бес бала деп ойлаймын. Құдай денсаулық беріп жатса... Ниетім бар босанамын деген. Денсаулықты жөндеп барып, сол дүниеге кірісейін деп жатырмын.
Сүйіктісін тосын-сыймен қуантуда, отандық шоу-бизнестегі жігіт ағалары да белсенді. Бұл тізімде төрт ұлдың әкесі Мұқасан Шахзадаев та бар!
Мұқасан Шахзадаев, әнші:
-Үшінші ұлымды дүниеге алып келген кезде, келіншегіме әппақ көлігін астына мінгізгенмін.
Айтпақшы, 2010-да шаңырақ көтерген Бүркіт тұңғышын 3 жыл күткен еді. Әнші алғаш әке атанған сәтте, жұбайы Аишаға құны 87 мың АҚШ долларын құрайтын қымбат көліктің кілтін ұстатқаны ел есінде.