Енді дизайнерлік қабілетін сынап жүрген әнші Рианнаға, экс-ғашығы Крис Браун қайта көңілін білдірген. Жұптың махаббат хикаясы алғашында сәтсіздеу аяқталса да, музыкант ғашығынан тағы бір мүмкіндік сұраған сынды.
Рири мен Кристың қарым-қатынасы үлкен даумен аяқталған еді. Бірнеше жыл өтсе Рианна, экс-ғашығының қателіктерін кешіре алмаған. Музыкант бірнеше мәрте сүйіктісінің алдынан өтсе де, әнші қыздың көңілі жібитін емес. Браун кезінде оны ұрып-соққаны үшін әлі күнге дейін өкініп жүр екен.
Әлемге танымал музыкант Эд Ширан да тыңдармандарынан кешірім сұрады. Британдық өнерпаз жақын арада үнтаспа шығара алмайтындығын жариялаған еді. Талантты сері тек 2020 жылдың аяғында ғана әнжинақ ұсынбақ. Себебі, гастрольдік сапарлардан қолы босамай жүр. Тіпті Эд, тығыз жұмыс кестесінің кесірінен жоспарлаған үйлену тойын да кейінге қалдырған.
Актриса Джулия Робертс кезекті фильмінің трейлерін ұсынды. «Бенді қайтару» атты драмада танымал жұлдыз – ананың рөлінде. Жаңа жылды отбасымен қарсы алу үшін, барын салатын кейіпкерлердің жолына кедергі болар жандар табылмақ. Солардың бірі Джулияның ұлының өміріне қауіп төндіреді. Ендігі мақсат – 24 сағаттың ішінде аман қалу. Картина қаңтардың аяғынан бастап үлкен экрандарға жол тартады