Атышулы Алагөзова мен Әуелбекованың арасындағы өкпе-ренішке нүкте қойылды. Соңғы жылдары бір-біріне сәлем бермейтін жағдайға жеткен ұстаз бен шәкірттің татуласқанын, Мөлдірдің өзі хабарлады.
Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:
-Мен өзім сондай жұмысқа немесе өмірге байланысты болсын, бір адаммен қарым-қатынасым дұрыс болмаса, мен өзім іштей тыныштық таппаймын. Сол себепті уақыт келе, нүктесіне келіп тұр өзі.
Татуласу туралы ой Мөлдірді бұрыннан мазалағанымен, оны жүзеге асырудың орайы әншінің жеке концертінің қарсаңында ғана келіпті. Баян ханымды кешінің құрметті қонақтарының қатарынан көргісі келген шәкірті, ұстазына «шақырту қағазын» өзі табыстаған. Ал, экс-продюсерімен ұзақ уақыт бетпе-бет кездеспеген Әуелбекова, Баянның бойынан өзгерісті байқағанын айтады.
Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:
-Баяғыда біз, Баян деп еркелетіп айтатынбыз. Қазір барлығына үйреншікті Баян Мақсатқызы болып кетті. Ол кісінің жүрегі бұрыннан бері жұмсақ кісі ғой. Қазір басынан мынандай оқиға өткеннен кейін, одан бетер жұмсарып кеткен.
Соңғы 12 жылда «Кешью» тобынан қаншама талант түлеп ұшқанымен, ел алдында есеп бергендердің біріншісі – дәл осы Мөлдір Әуелбекова.
Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:
-Сол себепті де Баян ханымға да барған кезде: «Мен алғашқы екенмін осы концерт беріп жатқан. Сіздің міндетті түрде болғаныңызды қалаймын дедім. Мұның барлығы сол тоғысып тұрған себеп қой» - деп, айттым.
Әуелбекованың ән кеші «Туған ел» деп аталады. Патриоттық тақырыпты таңдаған өнерпаздың, шығармашылық концерті үш бөлімнен тұрмақ.
Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:
-Бірінші бөлімі – театрландырылған. Кішігірім спектакль сияқты болады. Екінші бөлім – лирикалық әндер, өзімнің отбасыма байланысты, балама байланысты әндер. Үшінші бөлім өзі – концерттің тақырыбына байланысты болады.
Биылғы жоспарлы кешін бас қалада өткізуді құп көрген Мөлдір, келер жылдың көктемінде алматылық тыңдармандарына да ерекше шоу ұсынбақ