Almaty Fashion Days

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық сән саласының өкілі Лилия Рах, Алматы қаласында еліміздің дизайнерлерімен қатар, әлемдік брендтердің негізін қалаушылардың басын қосты. Almaty Fashion Days қандай қызықтарға толы болды? Тілшіміз баяндайды.

«Almaty Fashion Days» шарасының ұйымдастырушысы Лилия Рахтың мақсаты – отандық сән саласын дамыту. Айтулы кешке, қазақстандық дизайнерлермен қатар шетелдік мамандар да арнайы шақыртылан.

Лилия Рах, байер:

-Біз Алматылықтар үшін, әлемдік танымал брендттерді көрсеткіміз келді. Бұл – таптырмас мүмкіндік. Әйгілі сән үйлерінің киімдерін өз көзімен тамашалау мүмкіндігі – бұл үлкен мәртебе.

Әсемдік кеште дәл осы «Ralph & Russo» еуропалық брендінің арнайы көрсетілімі ұсынылды. 2000 жылдан бері өз топтамаларын ұсынып келе жатқан сән үйі Анджелина Джоли, Белла Хадид және Меган Маркл сынды жұлдыздарды киіндіреді. Аталмыш компанияның негізін Тамара Ральф пен Майкл Руссо сынды танымал дизайнерлер қалаған.

Тамара Ральф, «Ralph & Russo» брендінің негізін қалаушы:

-Мен Қазақстандық дизайнерлермен таныс болмасам да, көп естігенім бар. Бұл елде өте талантты мамандар жұмыс жасайды. Лилияның керемет кешінің арқасында, әсем Алматыны көрдім. Қуанышымда шек жоқ!

«Ralph & Russo» үш түрлі маусымның киім үлігілерін таныстырды. Образдардың басым бөлігі – мерекелік кештерге арналған көйлектерден тұрады. Бұл топтаманы бағалап үлгергендердің бірі – «Қазақстан аруы - 2018».

Әлфия Ерсайын, «Мисс Қазақстан 2018»:

-Бүгінгі Алматының ең керемет кешіне мен «Sherri Hill» брендінің киімімен келген едім. Сонымен қатар мен отандық дизайнерлердің де киімін өте көп киіемін. Себебі, маған отандық дизайнерлер өте қатты ұнайды.

Танымал дизайнер Алексей Чжен болса, қазақстандық сән саласына бағасын берді. Шебердің сөзінше даму жолында еңсеретін кедергілер әлі де көп.

Алексей Чжен, дизайнер:

-Біздің дизайнерлер жалқау. Танылса болды, ары қарай дамымайды. Егер сен сән саласын таңдасаң, әрдайым ізденуің керек.