Қытай жұрты өртеген Dolce & Gabbana!

Сообщить о проблеме с эфиром

Рита Ораның сүйікті брендтерінің бірі - Dolce & Gabbana болса, үлкен дауға қалды! Әлемге әйгілі сән үйі, аспан асты елінің Шанхай шаһарында өзгеше фэшн-шоу ұйымдастыруға ниеттенген. Тіпті, жарнамалық мақсатта арнайы промо видео таспаланған еді. Алайда, дәл осы бейнежазба керісінше, халықтың ашуын тудырды.

Көптің қытығына тиген видеотуындыдан италияндық тағамдарды таяқшамен жей алмай, қиналып отырған қытайлық сәнбикені көресіз. Жергілікті халық – бұл ата-дәстүрімізді мазақ ету деп сән үйіне айып тақты.

Алайда, брендтің негізін қалаушы Стефано Габбано мен сәнбике Мишель Трановоның желіге жүктелген хат алмасуы елдің ашуын еселей түскендей. Жазбада әйгілі дизайнер қытай жұртына қатысты жағымсыз пікір білдірген көрінеді.

Бірақ, көптің қаһарына ұшыраған шебер бұл сөздерді өзі жазбағанын, оның жеке парақшасын хакерлер бұзғанын айтып, ақталуда. Тіпті, қос модельер ел алдында ашық түрде кешірім сұрады.

Ашуға булыққан Қытай тұрғындары болса, әйгілі сән үйі жіберген олқылықты оңайлықпен кешіретін емес. Бүгінде сол елдің жұлдыздары Dolce & Gabbana брендінен бас тартып, қарапайым бұқара алған киімдерін дүкендерге кері өткізіп, тіпті қоқысқа тастап жатыр.

Ал, әлеуметтік желіде болған жайтқа қарсы «Dolce & Gabbana-ға жауап» хештегімен жазбалар жарияланып, қарсылық танытқандар түрлі видеолар таспалауда. Соған қарағанда, қытай жұртының өкпесі жуық арада тарқамайтын секілді.