«Juzim» тобының алты қызы алауыз ба?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өзіндік стилімен ерекшеленетін «Juzim» тобының арулары сахнада тату көрінгенімен, өмірде сыйыса алмай жүр. Олардың тіл табыса алмауына жас айырмашылықтары да кедергі екен. Гелзбендтегі алты қыз, алауыздықты қалай жеңбек?

Q-pop ағымына жаңадан қосылған «Juzim» тобы – алты қыздан тұрады. Ұжымдағы бойжеткендер 15 пен 20 жас аралығында. Бір шаңырақ астында тұратын өнерпаздар, әр түрлі мінез иесі болғанымызбен мақсатымыз бір дейді.

«Juzim» тобы:

-Негізінде оңай дүние жоқ, қиын әрине. Себебі, әркімнің мінезі бар. Бірақ осылай болуы керек. Себебі, осылай топ құрылады. Бір-бірімізді танимыз және де қалай бір-бірімізге қандай подход деп айтамыз ғой. Сол жағынан қалай келу керек екенін түсінеміз.

«Juzim-нің» қыздары жас болса да шығармашылық талапқа сай, түрлі сахналық образдарды таңдайды екен. Жеке стиль арнайы маманға сеніп тапсырылса да, орайы келсе арулар өз қалауларын айтудан жасқанған емес.

«Juzim» тобы:

-Әртіспіз ғой біз, енді біз өзімізді ыңғайлы сезінгіміз келеді киімде. Орысша айтқанда «самовыражение» дейді ғой, біз мысалы өзімізді көргендегідей өзіміз киінгіміз келеді. Сондықтан оған ұсынып көреміз.

Асыл Айдардың жетекшілігімен құрылған гелзбенд, өз тыңдармандарын «Demim» деп атайды. Фандомның атауы жіктелмесе де, қазақша болуы маңызды. Ал әнге сөз жазуды толықтай өз мойынына алған Mad Z – топ көшбасшысы. Ол әр тректе жастардың қазіргі мәселесіне көңіл аударамыз дейді.

«Juzim» тобы:

-Әр кезде әр түрлі сезімде боламын. Мүмкін ішімдегі бір басымнан өткен оқиға болады. Бірақ кейде жастарға бағытталғандықтан, көбінесе олардың ішкі жан-дүниесінде не болып жатқанын жазу, соны тыңдап олар өздеріне бірдеңе алып қалатындай, немесе жеңілдеп қалатындай.

«Juzim-нің» талантты қыздары q-pop жанрының дамуына – өз үлесін қосуды көздейді. Өнерпаздар ол үшін барынша тыңбай еңбек етуге дайын.