Алдағы уақытта Айдарқұлов үшінші мәрте үйленсе, таң қалмаңыз! Өйткені, соңғы кездері Дәурен мен Ақботаның шаңырағында «тоқал тақырыбы» жиі талқыға түсіп жүр. Бір қызығы, отағасына ұсыныс тастаған Ақботаның өзі екен.
Айдарқұловтың алғашқы отбасында – бір ұлы мен қос қызы өсіп келеді. Екінші шаңырағында Ибраһим есімді ізбасары бар. Әзірге төрт перзенттің әкесі, алдағы уақытта Ақботаның енді алты баланы дүние әкелгенін қалайды. Алайда отағасының ұсынысына Сейітмағамбеттің өз алып-қосары бар.
Дәурен Айдарқұлов, актер:
-Менде төртеу, енді алтау болса...
Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:
-Ол үшін үшінші әйел алу керек-ау!
Дәурен Айдарқұлов, актер:
-Үшінші әйел?
Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:
-Маған как раз үй жинайтын, тамақ істейтін, киім үтіктейтін, бала қарайтын адам керек еді.
Дәурен Айдарқұлов, актер:
-Мен мәжбүрлеген жоқпын. Өзі айтты.
Ақботадай мұндай шешімге келуге, кез-келген бикештің батылы жете бермесі анық. Сүйіктісін ешкіммен бөліспеуге бекінген сылқымдардың бірі – Зарина Омарова. Отағасын екінші әйел алу мәселесі мазаласа, әншінің берер жауабы мынадай болмақ.
Зарина Омарова, әнші:
-О, жооқ! Мұлдем дұрыс қарамаймын әрине. Егер сен екінші әйел болып барсаң, қандай кепілдік бар, ертеңгі күні сені солай тастап кетпесіне. Оның бәрі өмір. Оның бәрі мүмкіндік. Сол себепті мен мүлдем қарсымын оған.
Тоқал тақырыбы талқыға түссе, Бақаева да ат-тонын ала қашады. Бірақ үш бірдей атұстардың анасы, сезімді жоғары бағалайды екен. Жолдасы өзге жанды екінші жар қылуға ниет білдірсе, ғашықтардың бақытына қарсы тұра алмайтынын айтады.
Салтанат Бақаева, әнші, актриса:
-Егер сондай жағдай болып жатса «Жарайды, бақытты бола ғой. Тек мен сіздердің бақыттарыңызға кедергі болмайын» - деп, кетіп қаламын деп ойлаймын негізі.