«Кариб теңізінің қарашылары» картинасы жалғасын таппақ.Алайда фильмде енді Капитан Джек емес, әйел кейіпкер – басты ролде. Фэнтези авторларына Джонни Дептің жасы кедергі болған деседі.
«Disney» кинокомпаниясы аталмыш картинаның алтыншы бөлімін қолға алды. Киногерлер лентаның жалғасына жаңа бағыт бермек ниетте. 55 жастағы Джонни Дептің орнына, актриса Дейзи Ридли келеді деп күтілуде. Ару «Жұлдыздар шайқасы» фильмімен танылған еді. Дейзидің кейіпкері – Рэдд есімді қарақшы қыз болмақ.
Жобаның сценарийі «Дэдпул» картинасының авторларына сеніп тапсырылған. Сондай-ақ тың туындыға Кира Найтли, Орландо Блум қайта оралады.