«Күлтегін» мультфильмінің тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық киногерлер көп ұзамай шетелдік туындыларға шаң қаптырмақ. Алматыда «Күлтегін» атты анимациялық төл туындының тұсауы кесілді. Керек болса, болашақта «Коконың құпиясы» мен «Смолфутты» да басып озамыз дейді олар.

Жарық көрген жаңа туындыны – отандық жұлдыздармен отырып алғаш тамашалау бақыты балалар үйінің тәрбиеленушілеріне бұйырды. «Күлтегін» анимациясының авторларының пайымынша, ыстығы басылмаған лента көрермен ықыласын жаулай алуға қауқарлы.

Азамат Қанапия, актер, дубляж маманы:

-Алынған жобаның өзі «Күлтегін» деген бүткіл түркі елдерін қамтиды. Бәрімізге ортақ, түп атамыз десек те болады. Мен ойлаймын, мұның болашағы жақсы деп.

Мультфильм сюжетінде Ұлы Дала көшпенділерінің басын қосып, дәстүрін жалғастырған Шығыс түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы - Күлтегіннің жастық шағы баяндалады.

Тұсаукесерде төбе көрсеткен Санжар Мәди болса, отандық анимацияға қатысты өз ойын білдірді. Керек болса, бұл саланың дамуына қолымнан келгенше көмектесуге әзірмін дейді актер.

Санжар Мәди, актер:

-Анимацияға келгенде қандай да бір шектеу қоюдың қажеті жоқ. Мысалы, тек тарихи ғана емес, сондай-ақ бүгін мен болашақ туралы да лента түсіру керек. Жаңа кейіпкерлерді ойлап тауып, ашық-жарқын түстерді қолдану дегендей. Шетелдіктер сияқты туындыны сатып үйрену қажет.

Ал актриса Динара Бақтыбаева, шетелдік мультипликаторларға бәсекелес атанғымыз келсе, қызықты кейіпкер ойлап табу қажет деген пікірде.

Динара Бақтыбаева, актриса:

-Болашақта қайсар қазақ қызы туралы отандық картина көргім келеді. Бізде батырлар жетерлік. Бірақ, нәзік жандылар туралы туынды жоқтың қасы. Сондықтан, Марвелдық «Чудо женщина» сынды жаңа образ ойлап табу керек дер едім.

Су жаңа «Күлтегіннің» образына көрермен жақын уақытта өте өз бағасын бере алады! Анимациялық туынды үлкен экрандарға жол тартпақ