Актриса Пенелопа Крус «Бәрі біледі» атты психологиялық драмасын ұсынуға әзір. Кино жұлдызы фильмде өзінің күйеуі Хавьер Бардеммен бірге бой көрсетеді.
Испания, Франция және Италия бірігіп таспалаған туындыға, жоба авторлары басы қасы 12 млн доллар көлемінде шығындалған. Картинада, Лаура есімді испан қызы, отбасын алып сіңілісінің үйлену тойына куә болу үшін аттанады.
Бұл мерекеде, Лаураның қызын қылмыскерлер ұрлап әкетеді. Кішкентайын іздеуге бел буған ана, ащы шындықтың бетін ашады. Криминалды драма 2019-жылдың ақпан айынан бастап, үлкен экрандарға жол тартпақ