Марк Уолберг комедияға ауысты ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдыздардың кеңесіне «Үлкен отбасы» фильмінің кейіпкерлері құлақ асса артық етпес! Марк Уолбергтің қатысуымен таспаланған комедияға көпбалалы жанұядағы қиындықтар негіз болған. Жаңа лента бүгіннің өзінде халық тағатсыздана тосып жүрген туындылар қатарында.

Күлкілі сәттерге толы комедияның сюжет желісі – ерлі-зайыпты Пит пен Эллидің оқиғасын баяндайды. Отау құрған жұп, ұзақ жылдар бойы нәресте сүйе алмаған соң, бала асырап алуға бел буады. Нәтижесіне, әп-сәтте үш бүлдіршіннің ата-анасы атанып, балдырғандарды тәрбиелеуге келгенде түрлі қиындықтарға тап болады.

Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін көңілді картинада басты рөл – Марк Уолберкке бұйырған. Отағасының образын сәтті алып шыққан ол, картинаның таныстырылымы кезінде өзінің жанұясын еске алды.

Марк Уолберг, актер:

-Әрдайым жұмыстамын. Сондықтан, жақындарыммен жиі бірге уақыт өткізе бермеймін. Отбасым, анам, бауырларымды ұзақ көрмей кететін кездер болады. Білесіздер ме, бұл өте қиын.

Ал фильмде үш баланың анасы атанған актриса – Руз Бирн, комедияның көрермен қауымға берері мол екеніне сенімді. Себебі, лента – бүгінгі таңда жойылып бара жатқан отбасылық құндылықтарды үлгі етеді.

Роуз Бирн, актриса:

-Әрбір жанұя үшін барлық мүшелер жиналып тамақ ішу өте маңызды. Картинада мұндай сәттер көп. Меніңше бұл дәстүр әрбір елдің отбасында сақталған әрі маңызды болып саналады.

«Үлкен отбасы» комедиясын, қазақстандық көрермен келер жылы ел кинотеатрларынан тамашалай алады!