Иә, «сырын айтам деп, шынын айтқан» Сивидің сөзімен Шамси де келіседі. Бүгінде көрермен көзінен алшақтаған әнші, жұлдызды кештерден де көрінбей кетті. Кезінде сұлулардың түн ұйқысын ұралаған сері қазір қайда жүр?!
Бір кездері тәтті қыздарды тәнті қылған бұл жігіт, бүгінде тыңдармандардан тым алыста. Көк жәшіктен көрінбей кеткен Шамси, осыдан үш жыл бұрын шығармашығына нүкте қойғанын айтады. Талапшыл ағасы өнерпаз інісін өзге салада көргісі келген.
Shamsi, әнші:
-Үлкен ағам айтты: «Екі-үш жылға тоқтата тұрсашы. Өнер деген білесің ғой кетпейді. Кез-келген уақытта орала бересің, кез-келген уақытта келесің де жасай бересің. Мен білу керекпін де сенің осы өмірде аяғың нық тұрғаныңды. Ал, өнердегі жұмысың қалмайды, жүре бересің солай»!
Қазіргі таңда Шамси шоудан алшақтап, бизнеске бет бұрған. Кәсіпкер жігіт жылжымайтын мүлікті сатумен айналысады екен. Ал, өнердегі әріптестерімен сәлемі түзу, бірақ жұлдызды бас қосуларға шақырту алса, бірден бас тартады.
Shamsi, әнші:
-Ол жерге барсаң бұзыласың. Сол үшін ол жерлерге қатты тырыспаймын баруға. Шақырған кезде «иә, иә» келемін деймін де. Жігіттердің барлығы ренжіп қалды, келмейсің деп...
Әзірге ән әлемінен қол үзгенімен, өнердегі үзеңгілестерінің атқарған жұмысын бақылап, жаңалықтарын назардан тыс қалдырған емес. Шамсидің бағамдауы бойынша, бүгінгі шоу-бизнестің үздік үштігі мынадай.
Shamsi, әнші:
-Қайрат! Ол деген қай жылдан келе жатыр. Інім – Айқын молодец. Тоқтамай ұрып келе жатыр. Орысша айтады ғой «пахарь» деп. «Рингоны» айтамын молодец деп. Олар да жұмыскерлер кәдімгідей қалмайды.
Сері жігіт, жеке өмірі турасында Қайрат Нұртастың шоу-бизнестегі тәсілін таңдапты. Яғни, әнші әзірге жұбайы жайлы жақ ашпауға бекінген. Ал, шығармашылығын келер жылы қайта жандандырмақ!